Шариғат балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді – ҚМДБ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамалмен баруына қатысты туындаған мәселеге өз мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: Freepik

Жыл сайын жаңа оқу жылы басталысымен қыз балалардың мектепке хиджабпен баруына рұқсат ету мәселесі қызу талқыланады. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір қосып, мектеп формасы бұйрығын ұстану керегін айтқан еді.

«Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз.

Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек», - деп жазылған мүфтият мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар