Шарын ұлттық паркінде қарақұйрықтар видеоға түсіп қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Шарын ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды.

жануар
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл ақпарат Шарын ұлттық табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

аң
Фото: видеодан алынған кадр

«Жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған фототұзаққа ілінген — Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрықтар», — делінген жазбада.

Кадрдан бірнеше қарақұйрықтың су ішіп тұрғанын көруге болады.

Осыған дейін Алтынемел ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалған еді. 

Соңғы жаңалықтар