Шарын ұлттық паркінде сирек кездесетін өзен кәмшаты фототұзаққа түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа Қазақстанның Қызыл кітабына енген Орта Азия өзен кәмшаты (Lutra lutra seistanica) түсті, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Шарын ұлттық паркінде сирек кездесетін өзен кәмшаты
Фото: видеодан алынған скрин

Өзен кәмшаты — тіршілігі сумен тығыз байланысты сирек сүтқоректі. Ол негізінен өзендер мен су айдындарының жағалауларын мекендейді. Сондықтан мұндай аумақтардың табиғи қалпын сақтау жануардың тіршілігі үшін аса маңызды.

-Фототұзаққа түскен кадрлар мамандарға кәмшаттың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға, таралу аймағын зерттеуге және оны қорғау жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Шарын жартастарында тіршілік ететін тәуешкілер фототұзаққа түскен болатын.