Шаруалардың күрделі мәселелерін шешуде заңнамалық көмек маңызды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: senate.parlam.kz

Сенатор сапар барысында бірқатар стратегиялық маңызды нысанды аралады және өңірдегі проблемалық мәселелермен танысты. Депутат сонымен қатар, фермерлік шаруашылықтарда да болды және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті.

Өңірде тамшылатып суару жүйесін пайдаланып жұмыс істейтін бау-бақша шаруашылықтарына ерекше мән беріліп отыр. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде мемлекеттен субсидия алған болатын. Сенатор өз сөзінде шаруалардың күрделі мәселелерін шешуде заңнамалық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар