Шаруаларға төмендетілген бағамен 96 мың тонна жанармай жеткізілді - А.Мамытбеков

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Оның атап өтуінше, көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 360 мың тонна дизель отыны қажет. Қажетті жанармай отынымен қамтамасыз ету проблемасы толығымен шешілген. Диқандарға арналған дизель отынының республикадағы орташа бағасы литріне 81 мың теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен.
«Ағымдағы жылдың 6 сәуіріндегі жағдай бойынша, облыстардағы операторлармен ақпан, сәуірдегі жоспарланған көлемнің 49 пайызына төлем жасалды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 96 мың тонна дизель отыны жөнелтілді»,-деді ол.
Министрдің айтуына қарағанда, өткен жылға қарағанда жанармай отынын жеткізу қарқыны ағымдағы жылы жоғары болып отыр.