Шаштан көзілдірік жасаған қыз Instagram жұлдызына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кот-д'Ивуаралық 21 жасар Летиция Кью қиялының ұшқырлығымен танымал болды. 

Шаштан көзілдірік жасаған қыз Instagram жұлдызына айналды

 Тіпті өз шашынан көзілдірік те жасаған. Оның Instagram-дағы парақшасына 15 мыңнан астам адам тіркелген және олардың қатары күннен-күнге артып келеді. Летиция өзінің шаштары мен түрлі құралдар - мата, жүн, гүл және сымдарды пайдалана отырып ерекше шаш үлгілерін жасайды. Оның айтуынша шаш үлгілерін жасауға бірнеше минуттардан алты сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін. «Мен осынша адамның менің шығармашылығымнан әсер алатынына қуаныштымын. Бұл мені шабыттандырады және алдағы уақытта да олардың көңілдерінен шығуға тырысамын», - дейді Летиция.