Шатдаун: Пентагон әскерилердің жалақысын төлеу үшін анонимді көмек алды

АСТАНА. KAZINFORM — Пентагон шатдаун кезінде әскери қызметкерлерге жалақы төлеу үшін 130 миллион доллар көлемінде жасырын қайырымдылық көмек алды, деп хабарлайды Report

Шатдаун: Пентагон әскерилердің жалақысын төлеу үшін анонимді көмек алды
Фото: Report

Бұл туралы Пентагон басшысының қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі  Шон Парнелл мәлімдеді.

— АҚШ Соғыс министрлігі қайырымдылық мақсаттағы 130 миллион доллар көлеміндегі анонимді көмекті қабылдады. Бұл қаржы әскери қызметкерлердің жалақысы мен жәрдемақы шығындарын өтеуге жұмсалады деген шартпен берілген, — деді ол.

Бұған дейін АҚШ тарихындағы екінші ең ұзақ шатдаун туралы жаздық.

Сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі шатдаунға байланысты мәлімдеме жасады.

Соңғы жаңалықтар