Шәует доноры ережесін бұзған еркек 102 баланың әкесі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Донор болған азамат бар болғаны әйелдер қауымын бақытқа кенелткісі келгендігін мойындады, деп жазады yaplakal.com сайты.  
None
None

Есімін құпия сақтаған нидерландық ер адам донорлық ережелерін сақтамай, өзінің ұрығын 11 клиникаға тапсырғаннан кейін, бірден 102 баланың әкесі атанып шыға келген.

Нидерландыда жасанды жолмен ұрықтандыру тексерілгеннен кейін тергеу басталды. Тергеу барысында елдің Денсаулық сақтау министрлігі клиникаларда донорларға бақылау жасалмау жағдайларын анықтады.

Жалпы Нидерландта бекітілген ережеге сәйкес, донор болмас бұрын ер азаматтар өз ұрықтарын тек бір клиникаға тапсыратындығына байланысты келісімге қол қоюға тиіс.

Соңғы жаңалықтар