Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бейресми кездесу өткізу үшін Алматыға келе жатыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жұмыс сапарымен Алматыға аттанды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бейресми кездесу өткізу үшін Алматыға келе жатыр
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді. Оның аясында қазақ-өзбек қарым-қатынасын тереңдету мүмкіндіктері, халықаралық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланады.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бейресми кездесу өткізу үшін Алматыға келе жатыр
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Еске салайық, кейінгі рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев былтыр сәуірде Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізген еді. Оның барысында ресми Астана мен Ташкент арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бейресми кездесу өткізу үшін Алматыға келе жатыр
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Қоса кетсек, биыл қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Осы аралықта еліміз көршілес мемлекетке 473 млн доллардың тауарын экспорттаған.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге мүдделі. Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша 4 сауда дәлізі ашылуы мүмкін.

Бұған қоса, таяуда Шавкат Мирзиёев Қазақстанмен бірлесіп жасыл энергияны экспорттау келісімін мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар