Шавкат Рахмонов - Лас-Вегастағы басты турнирдің топ-кардына ілікті
Әлемдегі ең ірі ММА ұйымы - Ultimate Fighting Championship президенті Дэйна Уайт 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 - T-Mobile Arena алаңында өтетін Шавкат Рахмонов пен Стивен «Вандербой» Томпсон арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады. Мұндағы басты кездесуде жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс Колби Ковингтонға қарсы шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат бұл туралы «Шредингер спорты» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта Шавкат Рахмонов қазір алтыншы, Томпсон жетінші орында тұр.
«Вандербой Кевин Холландты техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін оралады, ал Рахмонов 17-0 және 100% мәреге ие. Біз кардпен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бұл биылғы жылдың ең жақсы турнирлерінің бірі болады! Жекпе-жекте кездескенше!» - деді UFC президенті.