Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралады
АСТАНА. KAZINFORM — DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Betonmobile басылымына берген сұхбатында қазақстандық топ-жартылай орта салмақ өкілі Шавкат Рахмоновтың жақын уақытта октагонға оралуы ықтимал екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, спортшы күн сайын жаттығып жүр, ал жекпе-жек не осы жылдың соңында, не келесі жылдың басында өтуі мүмкін. Қарсылас әзірге белгісіз.
Базровтың сөзіне қарағанда, UFC Шавкаттың оралуына мүдделі.
«Шавкат жаттығып жүр, бүгін онымен екі жаттығу өткіздік. Жұмысты жалғастырып келеміз. Баршаға белгілі оқиғаларға дейін-ақ жақсы қарқын алған едік. Жаңа жылдың алдында шығамыз деп қатты үміттенгенбіз, бірақ болған іс болды. Біраз уақыт Шавкатқа өте ауыр тиді. Қазір дерлік өз-өзіне келді.
Тағы да қайталап айтамын: күн сайын жаттығамыз, дайындалып жүрміз. Жақын болашақта оны октагонда көресіздер. Бұл не осы жылдың соңы, не келесі жылдың басы болады. Қарсылас туралы әзірге ақпарат жоқ. UFC Шавкаттың оралуына өте қызығушылық танытып отыр», – деді Эдуард Базров.
Айта кетейік, жақында Шавкат Рахмоновтың жары мен ұлы жол апатына түскен болатын.