16:41, 05 Наурыз 2023 | GMT +5
Шавкат Рахмонов UFC-дің жеңіліп көрмегендер арасындағы ең үздік спортшысы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC-де ресми түрде теңдессіз жетістікке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Номад» Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 285 турнирінде үшінші раундта америкалық Джефф Нилден басым түсіп, өз рекордын 17-0 көрсеткішіне дейін жоғарылатты.
Бұл – қазіргі уақытта UFC ростеріндегі барлық жеңілмеген файтерлер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Шавкат Рахмонов бүгінгі жетістігінің арқасында Мовсар Евлоев (16-0) пен Умар Нурмагомедовтан (16-0) озып кетті.
Сондай-ақ, Шавкат басты бәсекелестеріне қарағанда жекпе-жегінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтағанын айта кеткен жөн.