Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің ТОП-үштігіне енді

Шавкат Рахмонов
Фото: Шавкат Рахмоновтың Іnstagram-парақшасы

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ санатында рейтингін жақсартты. Kazinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Еске сала кетсек, өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.

Кейін Ш.Рахмонов пен оның қарсыласының турнирдегі табысы жария етілді.

Соңғы жаңалықтар