09:20, 05 Маусым 2024 | GMT +5
Шавкат Рахмонов UFC-тің жаңартылған рейтингісінде өз орнын сақтап қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Ultimate Fighting Championship (UFC) жартылай орта салмақтағы файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» үздік үштікті түйіндеп тұр.
Бірінші орында америкалық Камару Усман, екінші орында АҚШ-тың тағы бір өкілі Белал Мухаммад.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы чемпион ұлыбританиялық Леон Эдвардс.