Шавкат Рахмоновтың операция жасататыны рас па
Америкалық Youtube арнасының авторы SerEbro EnlosDeportes қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары туралы айтты. Kazinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Шавкат Рахмоновтың тобығына ота жасалатындықтан, ол кем дегенде алты-жеті ай алаңға шықпайды. Мен спортшы рингке жазда оралады деп шамалап отырмын. Бірақ Шавкатқа асығудың қажеті жоқ: ол ота жасатып, Белал Мұхаммад пен Леон Эдвардстың жекпе-жегін тамашалап, содан кейін жеңімпазбен кездесе алады», - дейді арнаның авторы.
Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке емделмеген жарақатымен шыққанымен, қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңе алды.