Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші дивизионға шықты

хоккей
Фото: icehockey.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы жылы бірінші дивизионның В тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.

7 сәуірден бастап Андорра мемлекетінде екінші дивизионның А тобында ойындар өткізілді. Қазақстандық хоккейшілер Бельгия, Мексика, Тайвань және Исландиямен жалғыз жолдаманы сарапқа салды.

Алғашқы төрт турда ел құрамасы Бельгияны 9:2, Мексиканы 4:2, Тайваньды 3:0, Исландияны 7:2 есебімен тізе бүктірді.

Шешуші ойын Қазақстан және Испания құрамалары арасында өтті. Екі құрама да бұған дейін бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген еді.

Бұл ойында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Испания - 5:3 (1:1, 1:2, 3:0)

0:1 - 09:58 - Хименес (Фернандес, Муньос)
1:1 - 10:06 - Свиридова (Алдабергенова)
1:2 - 27:48 - Хименес (Муньос, Фернандес)
2:2 - 33:48 - Оразбаева
2:3 - 39:48 - Муньос (Охаре)
3:3 - 41:41 - Оразбаева (Саяхатқызы М.)
4:3 - 59:22 - Шегай
5:3 - 59:46 - Әшімова

Соңғы жаңалықтар