Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жұбаныш кездесуінде Норвегиямен ойнайды

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне жетті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін Қазақстан құрамасы жұбаныш ойынында Норвегиямен кездеседі.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түсті. Қарсыластары — Канада, Швеция, Швейцария және Чехия құрамалары. 

Олар бүгін, 30 сәуірде топтық кезеңдегі соңғы кездесуінде Канадаға 3:11 есебімен жеңіліп қалды.

Еліміздің жасөспірім хоккейшілері топтық кезеңде Швейцарияға 1:5, Швецияға 1:7 есебімен есе жіберді. Одан кейін Чехияны овертаймда 4:3 есебімен тізе бүктіріп, өз тарихында тұңғыш мәрте әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы алғашқы жеңісін тойлады. 

Енді элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін жұбаныш ойынында 2 мамырда Норвегиямен кездеседі.

Ал жүлделі орындарды сарапқа салу үшін ширек финалда АҚШ пен Норвегия, Финляндия мен Швеция, Канада мен Латвия, Чехия мен Словакия шебердік байқасады.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер өз тарихында екінші мәрте жиырма жылдан кейін элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алған еді.

 

Соңғы жаңалықтар