Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы Жапониямен ойнайды

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші ойынын Жапонияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

хоккей
Фото: Kazinform

Қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.

Кездесу елорда уақытымен 16:30-да басталып, Insport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазіргі дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.

Ал Жапония алғашқы үш турда Австрия (2:5) мен Франция (3:5) құрамаларынан жеңіліп, Венгрияны овертаймда 5:4 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті. Қазақстандық хоккейшілер 2013 жылы - 8:7, 2014 жылы - 6:3 есебімен жеңген.

Алғашқы үш турдан кейін тоғыз ұпаймен Қазақстан көш басында келе жатса, Франция мен Австрияның - 6, Данияның - 3, Жапонияның - 2, Венгрияның 1 ұпайы бар.

Ал қазақстандық жастар 17 желтоқсанда Австриямен шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.