Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында финалға шыққан екі құрама анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы финалға шыққан құрамалар анықталды.

Шайбалы хоккейд
Фото: championat.com

Жартылай финалда АҚШ құрамасы Швецияны 6:2 есебімен тізе бүктірсе, Швейцария Даниядан 7:0 есебімен басым түсті.

Енді 25 мамырда 18:20-да 3-орын үшін Швеция мен Дания кездессе, финалда 23:20-да Швейцария мен АҚШ ойнайды.

Финалдық кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Биыл әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнады. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. 

Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Барлығы кездесудің біреуінде басым түссе, алтауында қарсыласына есе жіберді.

Салдарынан ұлттық құрама бірінші лигаға түсіп қалды.

Соңғы жаңалықтар