Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары қалай ойнады

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.

Екінші турда Франция Жапонияны — 5:3, Австрия Венгрияны — 3:2 есебімен сүріндірді.

Қазіргі дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2) мен Даниядан (3:2) басым түсті

Екі турдан кейін алты ұпай жинаған Франция, Қазақстан мен Австрия көш басында тұрса, Дания, Венгрия мен Жапонияның еншісінде әзірге ұпай жоқ.

Енді қазақстандық жастар 13 желтоқсанда Франциямен ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады.

Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.

Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады.

Ең жоғары жетістігі — 1999 жылы алтыншы орын.