Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы қашан өтетіні белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM - Ойындар 22 және 28 тамыз аралығында өтеді.

Топтық кезеңде Өскемен және Қарағанды қалаларында шеберлік байқасады. Топтық кезеңнен кейін жартылай финал ойындары жалғасады. Онда топта бірінші орын алған командалар екінші топтағы екінші орындағы ұжымдармен финал жолдамасын сарапқа салады. Шешуші ойындар Қарағанды қаласында өтеді.
Өткен жылы аталған трофейге көкшетаулық «Арлан» командасы қол жеткізді. Олар финалда рудныйлық «Горнякты» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске салсақ, елордалық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы 2025-2026 жылғы жаңа маусымын қашан бастайтыны белгілі болды.
Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойында елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.