Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады.
Алғашқы кездесуінде отандастарымыз Оңтүстік Кореяда 4:2 есебімен басым түсті. Құрама сапынан Иван Степаненко хет-трик авторы атанса, капитан Роман Старченко бір мәрте көзге түсті.
Енді қазақстандық хоккейшілер 22 қарашада Қытаймен кездессе, одан кейін 23 қарашада Жапониямен мұзайдынға шығады.
Құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлер штабымен бақ сынап жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Қазақстан хоккейінің аңыз ойыншыларының бірі Талғат Жайлауов тағайындалды.
Қазақстан құрамасы
Қақпашылар: Роман Калмыков («Номад»), Антон Осокин («Құлагер»), Владислав Пестов («Торпедо»);
Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков ( «Торпедо»), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин («Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко («Сарыарқа»), Бейбарыс Оразов («Барыс»).
Шабуылшылар: Олег Бойко, Артур Гатиятов, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Александр Мигунов (все - «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников ( «Сарыарқа»), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов ( «Барыс»), Денис Чапоров («Арлан»);
Айта кетсек, 2024 жылы алғаш рет ұйымдастырылған ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Алматыда топ жарған еді.