Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жастар құрамасының қатысуымен өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Қазақстандық хоккейшілер B тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия.
Дүбірлі дода 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канада астанасы Оттава қаласында өтеді.
Қазақстан жастар құрамасының қатысуымен өтетін барлық кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Төменде ойындар кестесі (Қазақстан уақыты бойынша) берілген.
28 желтоқсан, 03:00. Қазақстан — Швеция
28 желтоқсан, 23:00. Қазақстан — Чехия
30 желтоқсан, 23:00. Қазақстан — Словакия
31 желтоқсан, 22:00. Қазақстан — Швейцария.
Қазақстан жастар құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі — «Снежные барсы», МХЛ), Данил Лыткин («Барыс U18»)
Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Санжар Ибрагим, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин (барлығы — «Снежные барсы», МХЛ), Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Бейбарыс Оразов («Барыс», КХЛ)
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Филадельфия Ребелс», NAHL), Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы — «Снежные барсы», МХЛ), Александр Ким («Бисмарк Бобкэтс», NAHL), Давлат Нұркенов («Эссят U20», U20 SM-sarja), NAHL), Егор Левковец (МХК «Барыс»), Асанали Саркенов (Спокан Чифс, WHL), Семен Симонов («Барыс»).
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Канадада әлем чемпионатына дайындық барысында жергілікті «Хоксбери Хокс» клубын 8:1 есебімен жеңсе, тағы бір кездесуде Германияға 0:4 есебімен жол берді.