Шайбалы хоккейден ҚР құрамасы Ресейдің Бірінші арна кубогіне қатысады

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін Бірінші арна кубогі турниріне қатысады, деп хабарлайды Kazinform.

Аталған турнир 14-17 желтоқсан аралығында өткізіледі. Қазақстан құрамасы Ресей 25, ВХЛ жұлдыздары және Беларусь құрамасы ойнайды.

Жарыс барысында құрамалар 3х3 сайысында бақ сынайды.

Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев турнирге баратын 28 хоккейшінің тізімін жариялады. Олардың қатарында 3 қақпашы, 25 ойыншы бар.

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Номад»), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де – «Барыс»)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Кирилл Никитин, Кирилл Полохов (барлығы – «Барыс»), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Хақназар Кеңесбай (барлығы – «Номад»), Валерий Орехов («Металлург», Ресей)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмухамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков (барлығы – «Барыс»), Станислав Александров, Олег Бойко, Артур Гатиятов, Диас Гусейнов, Абай Манғысбаев, Николай Шульга («Номад»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де – «Металлург», Ресей), Кирилл Панюков («Амур», Ресей).

Еске салсақ, бұдан бұрын «Номад» командасы қатысатын Құрлықтық кубок ойындары өтетін орын анықталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram