Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы қатысатын шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі белгілі болды

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, ә лем чемпионаты алдағы жылдың 12-28 мамыр аралығында Латвияның - Рига, Финляндияның Тампере қаласында өткізіледі.

Ел құрамасы Латвияда В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцария.

Ойындар кестесі:

13 мамыр, сағат 19:20. Норвегия - Қазақстан

14 мамыр, сағат 23:20. Чехия - Қазақстан

16 мамыр, сағат 23:20. Швейцария - Қазақстан

17 мамыр, сағат 23:20. Канада - Қазақстан

19 мамыр, сағат 23:20. Қазақстан - Словакия

20 маямыр, сағат 23:20 Қазақстан - Латвия

22 мамыр, сағат 23:20. Қазақстан - Словения

Ойын уақыты елорда уақытымен көрсетілген.

Ал А тобында Аустрия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Швеция және АҚШ құрамалары шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 2022 жылы қазақстандық хоккейшілер топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.


Фото: catherineasquithgallery.com