Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын топтардың құрамы анықталды

АСТАНА.ҚазАқпарат – 2024 жылы Чехияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын топтардың соңғы құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com сайтына сілтеме жасап.

Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын топтардың  құрамы анықталды

2024 жылғы әлем чемпионаты Чехияда 10-26 мамыр аралығында өтеді.

А тобы (Острава)

АҚШ

Германия

Швеция

Словакия

Латвия

Франция

Қазақстан

Польша

В тобы (Прага)

Финляндия

Канада

Швейцария

Чехия

Дания

Норвегия

Аустрия

Ұлыбритания

Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Халықаралық хоккей федерациясы 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын топтардың алдын ала құрамын жариялады. Оның қорытынды құрамнан ерекшелігі АҚШ пен Канада құрамаларының орналасқан орнында болды. Нәтижесінде оларды топтармен ауыстыру шешімі қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесін – Канада құрамасы, күмісті – Германия, қоланы Латвия құрамасы жеңіп алды.