Шайбалы хоккейден ӘЧ: Екінші кезеңнен кейін Қазақстан 3:1 есебімен алда тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 29 мамырда Қазақстан және Италия құрамалары арасындағы кездесудің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Екінші кезеңнен кейін Қазақстан 3:1 есебімен алда тұр

Бүгін қос құрама қарқынды ойынымен көзге түсуде. Алғашқы кезеңде қазақстандық хоккейшілердің басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде 2-минутта Роман Старченко Қазақстан құрамасын алға шығарса, 24-минутта итальяндық Анджело Мичели өзінің мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ал 32-минутта қазақстандық Егор Петухов қақпа торын дәл көздесе, Евгений Рымарев 35-минутта мергендік танытты. Есеп 3:1. Қазақстан құрамасы әзірге алда тұр.

Еске салсақ, екі құрама бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның үшеуінде итальяндық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қазақстандық құраманың мерейі үстем болды.