Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан қыздары Польшаға есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кездесуді қазақстандық хоккейшілер сәтті бастаған еді. Ойынның 6-минутында Дария Молдабай мергендік танытса, польшалық Клаудиа Храпек 12-минутында таразы басын теңестірді.

Ал Клаудиа Храпек 21-минутта тағы да гол соғып, өз құрамасын алға шығарса, 54-минутта қазақстандық Александра Голотвина таразы басын теңестірді.

Ойынның 39-минутында польшалық Каролина Позневская қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 17-23 сәуір аралығында бірінші дивизионның В тобында ойындар өтіп жатыр.

Алғашқы үш турда турда хоккейшілер Ұлыбританияға 0:1, Словенияға 1:2, Италияға 0:3 есебімен есе жіберді.

Жоғары дивизионға аталған топта жеңімпаз болған құрама көтеріледі

Енді қазақстандық хоккейшілер 23 сәуірде Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар