12:30, 21 Сәуір 2023 | GMT +5
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Италиядан жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында италиялық хоккейшілер жауапсыз үш шайба соғып кетті. Нәтижесінде қазақстандық құрама қарсыласына 0:3 есебімен жол берді.
Алғашқы екі турда турда хоккейшілер Ұлыбританияға 0:1, Словенияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.
Айта кетсек, 17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында ойындар өткізіледі.
Енді қазақстандық хоккейшілер 22 сәуірде Польша, 23 сәуірде Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.