Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде 11 команда сынға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден алдағы маусымда Қазақстан біріншілігінде 11 команда сынға түсетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде 11 команда сынға түседі
Фото: Tony Schnagl/pexels.com

Алдағы маусымда ел біріншілігінде «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан» (Көкшетау), «Бейбарыс» (Атырау), «Горняк» (Рудный), «Ертіс» (Павлодар), «Кұлагер» (Петропавл), «Номад» (Астана), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Торпедо» (Өскемен) және өзбекстандық «Хумо» бақ сынайды. Клмандалар үш кезең бойынша сынға түседі.

Алғашқы кезеңде командалар бір-бірімен төрт ойыннан өткізді. Екеуі өз алаңында болса, екеуі сыртта болады.

Маусымның алғашқы ойыны 9 қыркүйекке белгіленген.

Тұрақты кезең ойындары ақпан айына дейін созылады. Плей-офф сатысы 12 ақпаннан басталады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасындағы ойын кестесі белгілі болды.