Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші дивизионның В тобында әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: icehockey.kz

Аталған жарыс 17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтеді. Топтық жарыста бірінші орын алған құрама алдағы жылы А тобында сынға түсуге мүмкіндік алады. Ел құрамасының қарсыластары - Ұлыбритания, Словения, Италия, Польши және АҚШ.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі төмендегіше:

17 сәуір. 09:15. Ұлыбритания - Қазақстан

18 сәуір. 09:15. Қазақстан - Словения

20 сәуір. 12:45. Италия - Қазақстан

22 сәуір. 16:15. Қазақстан - Польша

23 сәуір. 12:45. Қазақстан - Оңтүстік Корея.

Еске салсақ, бұдан бұрын допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан төртінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар