Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтетін Бірінші арна кубогына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир 15-18 желтоқсан аралығында өткізіледі.Турнир барысында қазақстандық хоккейшілер Ресей және Беларусь құрамаларымен сынға түседі.

Сондай-ақ, турнир аясында 16 желтоқсан күні 3х3 хоккей бойынша ұлттық командалар арасында тарихтағы алғашқы халықаралық турнир өтеді.

Оған Бірінші арна кубогына қатысушы елдер сондай-ақ Қытай құрамасы қатысады. Барлық матч ЦСКА аренада өтеді.

Ойын кестесі:

15 желтоқсан, 22:30. Беларусь пен Қазақстан

16 желтоқсан, 22:00. 3х3 турнирі

17 желтоқсан. 17:30 Ресей мен Қазақстан

Айта кетсек, аталған турнирде Қазақстан құрамасының бапкерлік құрамы белгілі болды.

Ұлттық құрамаға Андрей Скабелка бас бапкер болса, оған Владимир Копать пен Федор Полищук көмекшілік жасайды.

Қақпашылар бапкері - Александр Шимин болса, бас менеджер міндетін Александр Корешков атқарады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Салават Юлаевтан» басым түсті.


Соңғы жаңалықтар