Шекара бекетін айналып өткен азаматтың сөмкесінен 3 келі марихуана табылды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ» заставасының шекарашылары өткізу бекетін айналып өтіп, Ресейге кетіп бара жатқан қазақстандық азаматты ұстады.
None
None

Оның сөмкесінен 3 келі марихуана табылды.

1966 жылы туылған шекара бұзушы «Донна» есімді із кесуші иттің көмегімен ұсталды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар