Шекара мәселесі тату көршілік негізінде тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс – Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» саммитінде жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасында шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аталған мәселелерді қарастыру үшін сараптамалық алаң құруды ұсынды.

Айта кетейік, елордада «Орталық Азия-Ресей» саммиті басталды.

Жоғары деңгейдегі кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері келді, олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап жатыр.



Соңғы жаңалықтар