09:06, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Шекарадағы Шобанқазған ауылында медициналық қызмет жақсарады
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанныі 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы ауданының түстік беткейдегі Өзбекстанмен шекарада орналасқан Т.Көмекбаев ауылдық округіне қарасты Шопанқазған ауылында медициналық пункттің құрылысы қарқынды жүріп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі күндері облыстың оңтүстіктегі шеткі нүктесіндегі елді мекенде "Нұр Орда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстық бюджеттен бөлінген 9 млн. теңгенің тең жартысын игеріп, еңселі ғимараттың шатырын жабуға кірісті. Негізгі жұмыс күшін жергілікті тұрғындардан жасақтаған мердігер міндетті шаруаны уақытында бітіретіндеріне сенімді. Ауылдағы жалғыз фельдшер мектептің тар бөлмесінде қызмет көрсетіп келеді. Жеті бөлмелі үлкен ғимарат пайдалануға берілсе, медицина қызметкерлерінің саны да көбейеді деген сенім бар.