Шекарадан 6 млн теңгенің темекісін алып өтпек болғандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында шекарадан 6 млн теңгенің темекісін алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарадан 6 млн теңгенің темекісін алып өтпек болғандар ұсталды

Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері 10 маусымда мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден асып түсетін тауарларды заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті (саны 19 қорап болатын темекі стиктері).

Уәкілетті органдар осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шараларын жүргізіп жатыр.