Шекарадан алтын асырмақ болғандардан 76800 доллар, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар елімізден көршілес Өзбекстанға әшекейлі заттар мен жарияланбаған қомақты қаржыны өткізбек болғандарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
None
None

Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б. Конысбаев» атындағы (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары алтын мен гауһар тастардан жасалған әшекейлі заттарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті.

Заң бұзушылардан ұзын саны 14 дана болатын, алтын мен гауһардан жасалған әшекей заттар алынды: алтын, сырға, білезік және қолсағаттар. Сондай-ақ олардан - 76800 АҚШ доллары, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар