Шекарашы болам деушілерге мүмкіндік бар - БҚО

ОРАЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында №2029 шекара бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында жастарды әскери оқу орындарына түсуге, жоғары оқу орнын бітірушілерді, запастағы офицерлерді келісім-шарт негізінде әскери қызметке шақыру жайы сөз болды.
None
None

Аталмыш әскери бөлімнің офицері Манарбек Қарекеновтің айтуынша, әскери қызмет мамандарының жетіспеушілігін жою мақсатында ЖОО бітірген жастарды Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК шекара академиясына бір жылдық оқу курсына жіберу қарастырылып отыр. Бір жылдық оқу курсынан өткен жас лейтенант атағын алып шығады да, қызметке араласады. Сондай-ақ запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жүріп жатыр. Талаптардың бәріне сай болса, олар бірден офицерлер қатарына қызметке алынбақ. Бұрын әскер қатарында болған жастар да келісімшарт негізінде жұмысқа тұра алады. Ал мектеп бітіруші түлектер жоғарыда аталған Алматы академиясына казармалық тәртіптегі 4 жылдық оқуға баруына мүмкіндік бар. Ол үшін түлек ҰБТ кезінде төртінші пән ретінде география мамандығынан сынақ тапсыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар