Шекарашы офицер екі баланы құтқарды

Ойлануға уақыт жоқ, шекарашы жүгіріп төртінші қабатқа көтерілді. Келсе есік жабық. Ары-бері жұлқылап көріп еді, есіктің ашылар түрі байқалмайды. Амалсыздан көршілердің есігін қағып шықты. Есігін ашқан бір көршіге өрт болып жатқандығын, есіктің ашылмай тұрғандығын, өрт ішінде екі баланың қалғандығын, мүмкін болса балкон арқылы өткісі келетіндігін айтады. Мұндай кезде кім қарсы болсын, көрші келісімін берісімен, шекарашы офицер балкон арқылы өтіп, өрттің арасынан балаларды іздеп тауып, оларды балконға алып шықты. Сөйтті де өзі өрт машинасы келгенше тілсіз жауды өшіруге кірісті.
Арада сүт пісірімдей уақыт өткенде балалардың анасы да келіп, есікті ашты. Аман-сау отырған балаларын көргенде анасының қуанышында шек болмады. Шекарашы офицерге алғыс жаудырды ол, деп хабарлайдыҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.