19:15, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Шекарашылар 10 тонна контрабандалық жүкті тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз шекара отрядына қарасты «Гродеково» заставасының наряды жалпы салмағы 10 тонна болатын заңсыз жүкті ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Қырғызстанмен арадағы шекара маңында орналасқан қорадан заңсыз жүк табылды. Жүкті қарау кезінде жалпы салмағы 1 тоннаға жететін үлкен қаптан 50 қорап құс еті алынды.
«Осы күні «Гродеково» ауылының шетінен Қазақстанға қарай «Ford» автомашинасымен келе жатқан Қырғызстанның 2 азаматы ұсталды. Машинадан «Амафоз» деген жазуы бар 50 келілік қапшықтар табылды. Контрабандалық жүктің жалпы салмағы 9 тонна болып шықты», - делінген хабарламада.
Аталған деректер құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде.