Шекарашылар кезектен тыс аттестациядан өтуде

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Таразда 400-ге жуық шекарашы күш пен біліктіліктен сынақ тапсыруда. Бұл туралы 24 KZ хабарлайды.
None
None

№2035 шекара отрядының қызметкерлері нормативтік құқық, атыс, саптық және дене шынықтыру дайындықтары бойынша өз дәрежелерін көрсетуде. Сынақты тек қатардағы жауынгерлер ғана емес, жоғарғы шенді генералдар да тапсыруға міндетті.

Келісімшарт бойынша әскери қызметтегі шекарашыларды аттестациялау 4 кезеңнен тұрады. Сарбаздар күндізгі және түнгі уақытта автоматтан оқ атып, саптық дайындық және психологиялық тест тапсырды. Ең негізгісі - тестілеу. Мұнда әскери жарғы, құқықтық заң және шекара қызметінің тактикасы бойынша 75 сұрақ беріледі. Жауынгер осы сыннан сүрінбей өтсе, қызметін одан әрі жалғастыра алады.

«Кәсіптік деңгейін байқау кезінде 90 пайыздайы сынақтан сүрінбей өтіп келе жатыр. Әскери қызметшілердің 10 пайыздайы өз деңгейіндегі жағдайын көрсете алмады», - деді ҚР ҰҚК әскери полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмақожа Қартбаев.

Қойылған талап жоғары. Мұндағы мақсат - шекара жұмысының сапасын арттыру. Аттестация барысы Өңірлік аттестациялау комиссиясының жіті бақылауында.

Сержанттар мен қатардағы жауынгерлер арасындағы аттестация 5 күнге созылады. Іс-шара 7 қазанда қорытындыланады. Үздік тапсырғандардың лауазымы жоғарыласа, сыннан сүрінгендері әскери қызметтен босатылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар