Шекарашылар солярка жанармайын жасырын өткізу әрекетінің жолын кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасында контрабандалық жолмен 3 тонна солярка өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.
None
None

Орал жасағының «Шаған авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары 3 тонна солярканы тиісті құжаттарсыз заңсыз өткізуге тырысқан 47 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

«Газ 3302» жүк машинасына 15 бөшке тиеп, әрқайсысына 200 литрден солярка құйған азамат заңсыз жүгін елімізден Ресейге өткізуге әрекеттенді.

Аталған дерек бойынша Батыс Қазақстан облысының құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар