11:11, 04 Ақпан 2017 | GMT +5
Шекарашыны қар көшкіні басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 ақпан күні Ош - Қызыл-Жар автожолындағы қар көшкіні салдарынан Қырғызстан мемлекеттік шекаралық қызметінің әскери қызметшісі қаза тапты.

Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекаралық қызметінің қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.
УАЗ Хантер автокөлігімен Ош қаласынан шыққан төрт әскери қызметші Кызыл-Жар елді мекеніне бет алған. Терек-Чаты маңында автокөлікті қар көшкіні басып қалады. Әскерилер жолды қардан тазартып жатқанда, күтпеген жерден қар көшкінінің екінші толқыны соғады. Шекарашы-сержант үйінді астында қалып қойды.
Бүгін шамамен 05.30-да шекарашылар әскери қызметшінің мәйітін қардан қар астанан шығарды.