13:35, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Шемонаиха-Семей тас жолындағы жол-көлік апатында 50 жастағы азамат қаза тапты
ӨСКЕМЕН. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Шемонаиха-Семей тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, оның салдарынан соқтығысқан екі ВАЗ автокөлігінің бірінің жолаушысы қаза тапты.
Жолдың мұз құрсануынан ВАЗ-11183 автокөлігінің 20 жасар жүргізушісі автокөлік рөліне ие бола алмай, қарсы беттегі жолға шығып кетіп, осы маркадағы автокөлікпен соқтығысты. Апат салдарынан екі жүргізуші мен бірінші көліктің жолаушысы, 50 жастағы азамат түрлі дене жарақаттарымен Шемонаиханың Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Осы жерде көлік жолаушысы көз жұмды.