«Шэньчжоу-20» тайконавттары ғарышта 200 күннен астам уақыт өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Мамандар орбитада 200 күннен астам уақыт өткізген қытайлық «Шэньчжоу-20» басқарылатын ғарыш кемесінің экипаж мүшелерін қайтарудың жаңа жоспарын құрып жатыр, деп хабарлайды thepaper.cn басылымы. 

«Шэньчжоу-20» тайконавттары ғарышта 200 күннен астам уақыт өткізді
Фото: thepaper.cn

Қытай ғарыш станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр және бір уақытта екі экипажды қолдау мүмкіндігіне ие. «Шэньчжоу-20» тайконавттары жаңа «Шэньчжоу-21» миссиясының мүшелерімен бірге орбитада ғылыми тәжірибелерді іске асырып, жұмыс өнімділігін арттырған. 

Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламалары агенттігі оралуға дайындық кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті. 

– Инженерлік топтар жан-жақты талдау мен модельдеу жұмыстарын жүргізіп, ғарыш кемесінің қауіпсіздігін сынақтан өткізіп, бағалап, экипаждың жаңартылған оралу жоспарын әзірлеп жатыр. Негізгі компоненттердің жағдайы тексеріліп, олардың сапасы расталды, - делінген ғарыш ведомствосының мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, экипаждың оралуы 5 қарашаға жоспарланған болатын. Ғарыш қоқысы орбитаға түскеннен кейін оралу кейінге қалдырылды. Станция үш адамды орналастыруға арналған, бірақ миссия ауысулары кезінде алты экипаж мүшесіне дейін уақытша орналастыра алады. 

Бұған дейін Қытай зақымдалған ғарыш кемесінің экипажын Жерге қайтаруға дайындалып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар