Шенген визасын алуда саусақ іздерін тапсыру құжат рәсімдеу шараларын жеңілдетеді - Қазақстандағы Германия Елшісі

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - 14 қарашадан бастап Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда Шенген келісімі елдерінің барлық дипломатиялық өкілдіктері визалық ақпараттық жүйе (VIS) енгізеді.
None
None
Осы орайда Шенген визасын рәсімдеу үшін саусақ іздерін тапсырғандар бес жылдың ішінде визаны қайта алуға аталған елдердің елшіліктеріне баруы міндетті болмайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Германияның Қазақстандағы Елшісі Гидо Херц мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, визалық ақпараттық жүйе визаларды ашуға құжаттарды тапсыру шараларын жеңілдетеді. «Атап айтқанда, 26 Шенген елдері бойынша сапарлау қауіпсіз әрі жеңіл болады. Визалық ақпараттық жүйе өз жұмысын бастағаннан соң Шенген визасын ашуға өтінім берген барлық азаматтардан саусақ іздері мен биометрикалық төлқұжат фотосуреті алынады. Саусақ іздерін түсіру рәсімі - бұл жеңіл процедура және бұл шаралар біздегі визалық бөлімде жүргізіледі. Жалпы алғанда, Астанадағы Германия елшілігі мен Алматыдағы Германияның бас консулдығында, сондай-ақ, әрине, Шенген келісімі елдерінің барлық дипломатиялық өкілдіктерінде визаға құжаттарды тапсыру процедурасы жеңілдей түседі»,-дейді Елші. Осы орайда Гидо Херц өтінім берген азамат өзінің саусақ іздерін бір рет қалдырғаннан кейін оған бес жыл ішінде Елшілікке келіп, құжаттарды қайта тапсырудың қажеті болмайтындығын жеткізді. Ол азамат өзінің өкілі арқылы тек өтінімді ғана тапсыратын болады. «Бұл, әсіресе, Алматы мен Астанадан алыс тұратын адамдар үшін қолайлы деп білеміз. Визалық ақпараттық жүйені енгізу арқылы визалық өтініштерді өңдеу рәсімдері ұзармайды. Азаматтар болашақта да елшілік пен бас консулдықта визаны бұрынғыдай үш күннен кейін алады»,-деп түйді Елші.
Соңғы жаңалықтар