Шеремет көлігінің астына жарылғыш затты әйел қойған (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шеремет отырған көліктің астына жарылғыш затты әйел қойған. Бұл туралы украиналық «Обозреватель» басылымы бейнебақылау камераларындағы журналист өліміне дейін түсірілген видеоға сілтеме жасап хабарлады.

Шеремет көлігінің астына жарылғыш затты әйел қойған  (ВИДЕО)

Кадрларда ер адам жергілікті уақытпен сағат 00:22-де көлікке жақындап, жүргізушінің орнына отырып, көлікке бір нәрсе бекітеді. Түнгі сағат 2-лерде Шеремет тұрған үйге қарай әйел бара жатады, одан бірнеше метр жерден ер адамды да көруге болады.

Әйелдің қолында ауыр пакет бар. «Обозреватель» атап өткендей, тергеу нұсқасы бойынша осы пакетте жарылғыш зат болуы мүмкін.  Сағат 02:38-де екеуі кездесіп, сөйлескен соң тарқасады. Әйел Шереметтің көлігіне барып, пакеттен бір затты алып, көліктің астына қойып кетеді.

20 шілдеде Павел Шеремет отырған  "Украинская правда" басшысы Алена Притулаға тиесілі автокөлік Киевте жарылды. Журналист ажал құшты. Притула бұл кезде көлікте болмаған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу Шеремет өлімінің бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр, деп жазды tvzvezda.ru.