Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке аттануға дайындалып тұрған «Россия» әуе компаниясының ұшағы басқа әуе компаниясының ұшағымен соқтығысып, зақымданды, деп хабарлайды ТАСС.

ұшақ апаты
Фото: Анадолы

Әуе компаниясы жолаушыларды басқа ұшаққа ауыстырды.

— Алдын ала мәлімет бойынша FV6097 Мәскеуден Санкт-Петербургке рейсін орындауға дайындалып тұрғанда, басқа әуе компания ұшағының қанаты тиіп, зақымданған, — делінген хабарламада.

Әуе компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр. Жолаушылар Мәскеу уақыты бойынша 23:08–де резервтік ұшақпен Санкт-Петербург рейсіне отырғызылды.

Шереметьево әуежайының онлайн ұшу ақпарат тақтасының мәліметінше, FV6097 рейсі Мәскеу уақытымен 20:30–да ұшып шығуы тиіс болған, бірақ рейс 23:39–да орындалды.

Айта кетейік, 13 жасар бала Кабулдан Делиге дейін ұшақтың шасси қуысына тығылып ұшқан.

Соңғы жаңалықтар