Шерзад Давлатов әскерилер арасында әлем чемпионатында қола медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM - Германияның Варендорф қаласында дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль алды.

Жарыстың алғашқы күнінде мұндай табысқа ұлттық құрама мүшелері Шерзад Давлатов (60 келі) пен Нұрқанат Серікбаев (66 келі) ие болды.
Айта кетсек, әскерилер арасындағы әлем чемпионатына 35 елден барлығы 200 спортшы қатысып жатыр. Дүниежүзілік біріншілік 30 маусымға дейін жалғасады деп жоспарланған.
Еске салсақ, Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады.
Онда ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанды.
Ал Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мейірлан Максим (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Марат Байқамұров (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.