Шерзат Полат ісі бойынша басты сот талқылауы басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Өткен аптада іс бойынша алдын ала талқылау өтті.

Шерзат Полат ісі бойынша басты сот талқылауы басталды
Фото: Видеодан алынған скрин

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты сот отырысы басталды.

Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Еске салайық, Шерзат ісіне қатысты сотталушыларға бірнеше бап бойынша айып тағылды.

Прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 

Кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

Биыл ақпан айында Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. 

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты. 

Соңғы жаңалықтар